Биыл Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша 7 жаңа жобаны іске қосу көзделген.
Оның ішінде «Сырымбет» акционерлік қоғамының қалайы өндіру жөніндегі ірі жобасы бар. «Грибной мир» деп аталатын жоба бойынша жыл соңына дейін шампиньон өсіруді жолға қою көзделген. Ал «Трансагроинвест» серіктестігі қант өндіруді қолға алады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін ұқсату, қой және ірі қара мал терісін өңдеу жөнінде де жоспарлар бар. Өңірде кәсіпкерлікті қолдау картасына жалпы сомасы 65 млрд. теңге болатын 36 жоба енгізілген.