«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЛА АЖАРЫ КІРУДЕ

Облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірге облыс орталығындағы құрылыс нысандарын аралады.

Алдымен облыс әкімінің орынбасары құрылыс алаңына айналған «Жас өркен» шағынауданында болды. Қазіргі уақытта жаңа қазақ театрының жанында тұрғызылуы тиіс екі 18 қабаттық тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Қала әкімі Болат Жұмабековтің айтуынша, бұған дейін бұл жерде прокуратура үйі тұрғызылуы тиіс болған. Алайда, жоспарға өзгеріс енгізілген. Болашақ құрылыс алаңының орны дайын, қажетті коммуникациялық желілер тартылатын болады. Мердігер компаниялар Жаңа жыл мерекесінен кейін жұмысқа кірісуді жоспарлауда.
Өңірде коммерциялық тұрғын үйлерді салуда да қарқын байқалады. Мысалы, 2018 жылы екі мыңға жуық пәтер салынса, былтыр 2,2 мың пәтер пайдалануға берілген. Ал биыл оның саны үш мыңға жеткізілетін болады. Бүгінгі таңда ел бойынша ең көп ескі жер үйлер Петропавл қаласында сүрілуде. Қала әкімінің айтуынша, биыл 457 үй сүрілген. Ал келесі жылдан бастап бұл жұмыстар ренновация бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ.
Қала әкімдігі әлеуметтік нысандарға апарар жолдарға да күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды жалғастырмақ. Аулаларды абаттандыру шаралары да ойдағыдай атқарылуда. Үстіміздегі жылы облыс орталығында 58 балалар ойын алаңын және 15 көше тренажерін қою жоспарланған. Қазіргі уақытта Борки кентіндегі Орман шағынауданында 152 пәтерлік «Самал» тұрғын үй кешені бой көтеруде. Бұл жерде «Future Kaz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 38 пәтерден тұратын төрт баспананың құрылысын қолға алған. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp