«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қала, аудан прокурорлары тағайындалды

 

Петропавл қаласы және Қызылжар, Тайынша, Мағжан Жұмабаев, Мамлют аудандарының прокурорлары тағайындалды.

     Бас прокурордың бұйрығымен Петропавл қаласының прокуроры болып Арман Нұртазин тағайындалды. Ол прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2002 жылы бастаған. Әр жылдары облыстық прокуратураның бөлім, басқарма басшысы қызметтерін атқарған. Осы уақытқа дейін Мағжан Жұмабаев ауданының прокуроры болған. Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.
 Қызылжар ауданының прокуроры қызметіне Қайрат Ермекбай кірісті. Оның заң қадағалау органында жұмыс өтілі – 20 жыл. Петропавл қаласы прокурорының орынбасары, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның прокуроры секілді баспалдақтардан өткен. Соңғы қызметі – Мамлют ауданының прокуроры. Сыныптық шені –әділет кеңесшісі.
Тайынша ауданының прокуроры болып Ғалымжан Әубәкіров тағайындалды. Ол осы саладағы еңбек жолын 2002 жылы бастап, Уәлиханов, Есіл аудандарының прокуроры қызметтерін атқарған. Осы уақытқа дейін Қызылжар ауданының прокуроры болып еңбек еткен. Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.
Мағжан Жұмабаев ауданының прокуроры болып Алтынбек Танқыбаев тағайындалды. Оның рокуратура органдарындағы жұмыс өтілі – 23 жыл. Аққайың, Уәлиханов аудандарының прокуроры қызметін атқарған. Бұған дейін Тайынша ауданының прокуроры болған. Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.
Мамлют ауданының прокуроры болып Самат Төлегеновтағайындалды. Еңбек жолын 2008 жылы бастаған. Әр жылдары облыс прокурорының орынбасары, басқарма басшысы лауазымдарын атқарған. Осы уақытқа дейін облыс прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының басшысы қызметінде болған. Сыныптық шені – кіші әділет кеңесшісі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp