Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып істеген Қанат Сәрсембаев тағайындалды. Ол қазір 41 жаста. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде “Халықаралық құқық” мамандығы бойынша білім алған. Мемлекеттік кірістер министрлігінде, Президент әкімшілігінде жұмыс істеді.Облыс әкімі Құмар Ақсақалов қызметі жоғарылаған әріптесіне сәттілік тіледі.
http://petropavltv.kz