«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРАПАЙЫМ ТЕСТ

Бір аяғымен 20 секундтан артық тұра алмайтын адамдардың қартайған шақта инсультке ұшырау және ақыл-ойының төмендеу қаупі жоғары дейді жапон ғалымдары.

Олардың зерттеуіне қатысқан еріктілердің орташа жасы – 67. 841 әйел мен 546 ер адамға бір аяқпен барынша ұзақ тұру қажет болды. Еріктілердің ми тамырларының жұмысы МРТ көмегімен бағаланған. Зерттеушілер бұған қоса емделушілердің сырқаттары, салмағы және өмір сүру деңгейі туралы ақпарат алды. Барлық мағлұматтар есепке алынған соң бір аяқпен 20 секундтан артық тұра алмағандарда миға шағын қан құйылу 15,3 пайызға жиірек анықталған. Тепе-теңдіктің бұзылуы байқалған қарт кісілерге неврологке көріну ұсынылған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp