“Өрт – тілсіз жау” деп тектен-тек айтылмаған. Қылышын сүйретіп “кәрі құда” – қыс таяп қалған шақта баспанамызды қызыл жалын жалмап, балаларыммен далада қалып отырған жайым бар. Өзім – жалғызбасты анамын. Балаларымның екеуі де мүгедек. Жолдасым өмірден ерте өткен.
Петропавлдың Жұмысшы кентіндегі үйде 2002 жылдан бері тұрып келдік. 26 қыркүйек күні таңертең ертемен пеш жағып, жұмысқа кеткенде, кіші ұлым әдеттегідей үйде ұйықтап жатқан. Абырой болғанда, түтін иісін сезіп, киінбестен үйден жалма-жан далаға жүгіріп шыққанына мың да бір шүкіршілік айтамын. Өзі бала кезінен көз ауруына байланысты мүгедек бола тұра, өтіп бара жатқан адамдарды көмекке шақырып, өртсөндірушілер келіп жеткенше тілсіз жаумен шама-шарқынша арпалысқан екен. Өкініштісі сол, көршілес пәтерлерді де қызыл жалын шарпып, зақым келтірді. Енді ол пәтерлерді жөндеу жұмыстары да менің мойнымда. Өзім кардиологиялық орталықта санитар болып жұмыс істеймін. Мұндай шығынды қалтам көтере алар емес. Өз үйіміз жөндеуге жарамсыз. Дүние-мүлкіміз, киім-кешегімізді түгел тілсіз жау жалмады. Жанашыр жандардың кез келген көмегіне зәруміз.
Байланыс телефоным: 8-707-403-07-66. “Каспий банк” карточкасының номері: 5169 4931 1637 3047. Қолдарыңызды созыңыздаршы, ағайындар!
Балқия ӘУБӘКІРОВА,
қала тұрғыны.