«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРИЯЛАР – ҚАЗЫНАМЫЗ

Халықаралық қарттар күніне орай Петропавлдағы Жастар сарайында мерекелік кеш өтті. Көп жылдар бойы түрлі салада табысты еңбек етіп, бүгінгі күні құрметті демалыста жүрген зейнеткерлерді Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков құттықтады.

– Еліміздің көркеюі мен жеткен жетістіктері ең алдымен сіздердің еңбектеріңізге байланысты. Біз, жастар, сіздерге сенеміз, сіздердің қолдауларыңызды күтеміз. Сіздерді халықаралық қарияларды ардақтау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын, – деді қала әкімі.
Кеш қонақтарының – бірі көп балалы Алма Махамбетова 53 жасында зейнет демалысына шыққанымен, бүгінгі күні жолаушылар тасымалы саласында әлі де еңбек етіп жүр. Ол да жиналғандарға игі тілегін арнады.
Облыс орталығында бүгінгі күні 44 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Олардың көбі денсаулықтарына байланысты мерекелік шараға қатыса алмады. Ал мерекеге келген қарттарға өңір өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

http://petropavltv.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp