Аралас жекпе-жектен БАӘ астанасы – Әбу-Дабиде өтетін UFC 254 турнирінде екі отандасымыз қатысатыны жоспарланған еді. Алайда Сергей Морозовтың қарсыласы денсаулығына байланысты жарысқа шыға алмайтын болған соң, жекпе-жек өтпейтін болды.
Аса жеңіл салмақта сынға түсетін Сергей Морозов әу баста ресейлік Омар Нурмагомедовпен жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда 24 жастағы спортшы ауруханаға түсіп қалып, айқастан бас тартты. Морозовтың менеджері оған қарсылас іздегенмен, 2-3 күнде октагонға шыға қоятын спортшы табылмады.
Айта кетейік, UFC 254 турнирінің басты бәсекесінде ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи күш сынасады. Олар жеңіл салмақтағы чемпиондық атақты сарапқа салады. Сонымен қатар жекпе-жек кешінде тағы бір жерлесіміз Шавкат Рахмонов 32 жастағы Алекс Оливейрамен айқасады.
https://egemen.kz