«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРУ ТАПСЫРҒАНДАР ҚАРАЖАТҚА КЕНЕЛМЕК

Сәуір айының 21-інен бастап өңірімізде тұрғындардан заңсыз сақталып келген қаруларды сатып алу мақсатында республикалық акция өткізілмек.

Мұндай шара өткен жылы да ұйымдастырылған болатын. Оның барысында солтүстікқазақстандықтар полицияға 694 қару мен шолақ мылтықтың 9 мыңнан астам оқ-дәрісін тапсырды. Тапсырылған қару-жарақтың дені, яғни 611-і – теріс оқпанды мылтықтар. Әкімшілік полицейлер үш аптадан кейін басталатын акция кезінде қару-жарақтар, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды кез келген аумақтық ішкі істер бөліміне тапсыруға болатынын айтты. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары ерікті түрде қару тапсырғандар ешбір жауапкершілікке тартылмайтынын жеткізді. Ал табылған қарулар мен жарылғыш заттар болса, оларды тасымалдамай, ұялы телефоннан 102 немесе 112 нөмірін теру арқылы хабарлау қажет.

– Ерікті түрде қару тапсырғандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Комиссия тапсырылған қару үшін сыйақы төлеу туралы шешім қабылдайды. Автоматты қаруға берілетін сыйақы мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіштен басталса, травматикалық, газ, теріс оқпанды қаруларға төленетін қаражат 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде болмақ, – деді ІІД Әкімшілік полициясы басқармасының қару айналымын бақылау және лицензиялау бөлімінің бастығы Еркін Хамзин.  

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp