Облыс орталығындағы Спорт сарайында “Құлагер” мен елордалық “Астана” хоккей командаларының бірінші кездесуі 2:3 есебімен қарсыластардың пайдасына шешілді.
Қос команда арасындағы қарымта кездесу келесі күні өтті. Бұл кездесуде “Құлагер” командасы астаналықтардың қақпасына төрт шайба салып, жеңіске жетті. Есеп 4:2.
Бұл жеңістен кейін жерлестеріміз 28 ұпаймен ел біріншілігінің кестесінде 7-ші орынға жайғасты. Енді “Құлагер” қарашаның 23-24-і күндері өз алаңында рудныйдың “Горнягін” қабылдайды.
Он үш солтүстікқазақстандық Ақтөбе қаласында гір көтеру спортынан өткен әлем чемпионатынан жүлделі оралды.
Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.