Аудандардан алынған ауыл шаруашылығы бөлімдерінің жедел деректері бойынша облыста кешегі күнге дейін 2339,9 мың гектар алқаптың дәнді дақылдары орылып, 1930,7 мың гектар танаптың астығы бастырылды, ол барлық астықты алқаптың 59 пайызы жинап алынды деген сөз. Құт қамбасына құйылған астық 2834,1 мың тоннаны құрайды, орташа гектар шығымдылығы 14,7 центнерден айналуда.
Дәнді дақылдарды дестелеуде М.Жұмабаев (79 пайыз), Қызылжар (78,6 пайыз), Аққайың (75,9 пайыз) аудандары алда келеді. Ал Мамлют және Тимирязев аудандарының қарқыны төмен. Астық бастыруда бұрынғысынша Уәлиханов (70,2 пайыз), Қызылжар (69,9 пайыз) және М.Жұмабаев (68,7 пайыз) аудандары көш басынан көрінуде. Шал ақын, Тимирязев және Ақжар аудандары серпін таныта алмай отыр.
Бүгіндері барлығы 281,7 мың гектар немесе 47,2 пайыз егін алқабының майлы дақылдары орылды. Ал бастырылғаны мүлде аз, 69,9 мың гектарды немесе 11,7 пайызды құрайды. Майлы дақылдардың әр гектарынан 11,7 центнерден өнім алынуда. Картоптың 25,3 мың гектары, көкөністердің 4,7 мың гектары жиналды, олардың шығымдылығы жақсы, сәйкес түрде танап берекелігі 185 және 256 центнерден айналуда.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы.