Петропавлдың коммуналдық қызметтері үшін қауырт шақ басталды.
Соңғы бірнеше күнде қалада қалың қар жауып, 8 компания көшелерді тазалау жұмысына кірісті. Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде. Қазірдің өзінде коммуналдық қызметтер 1,5 мың текше метрдей қарды сыртқа шығарған.