Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мамандары “Абылай ханның резиденциясы” мұражай-кешенінде мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырып, өскелең ұрпаққа Отан қорғаудың маңыздылығы жайлы әңгімеледі.
Шараға облыстың он ауданынан жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сынып оқушылары және алғашқы әскери дайындық оқытушылары қатысты. Болашақ Отан қорғаушыларға Қарулы Күштердің ардагерлері – отставкадағы полковник Валерий Орлов пен Виктор Кривошеев әскер қатарында қызмет етудің маңызы туралы айтып берді.
Шара барысында сөз алған облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының тәрбие, идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Дәулет Толыбай әр жасөспірім туған жерінің, Отанының тарихын білуі керек екенін тілге тиек етті.
Айман ӘБЖАПБАРОВА,
облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінің басшысы.