«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЙНАУЫ – СЫРҒА, КӨМЕЙІ ЖЫРҒА ТОЛЫ ҚҰТ МЕКЕН

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында “Ғасырлар аманаты” атты кешенді этнографиялық көрме ашылды. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ұйымдастырған көрме “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.


Аталмыш көрме өңір тұрғындарына көрші облыстың тарихымен, этнографиясымен және мәдениетімен танысуға мүмкіндік береді. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайының басшысы Қуаныш Шақшақовтың айтуынша, бұрын Ақмола өңірінің аумағында әлемдік мәдениеттерді жалғастырған ежелгі керуен жолдары тоғысқан. Ұлы даланың даңқты хандары мен батырларын, от ауызды орақ тілді би-шешендерін тудырған мекен зиялы қауым өкілдерінің алтын бесігі болып табылады. Көрме сөрелеріне мұражай басшысының бұл ойын айғақтайтын құнды еңбектер молынан қойылған. Өлкенің рухани өмірінде ерекше орынға ие Үмбетей жырау, Біржан сал, Ақан сері, Шоқан Уәлиханов, Сәкен Сейфуллин сынды алып тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтарды кездестіруге болады. Сондай-ақ, 200-ге жуық жәдігерлерді ұсынған көрме бұрынғы заманның тұрмысын бейнелейтін ыдыс-аяқтар мен теріден жасалған заттарға, қолөнер бұйымдарына толы. Ақмола өңірінің этнографиясына қатысты материалдардың арасында Ақжар, Уәлиханов және Айыртау аудандарының аумағынан алынған жәдігерлер де бар.

Көрмені бір ай көлемінде тамашалауға болады.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp