«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОРЖЫНДА – ЕКІ МЕДАЛЬ

1 қараша күні 20 жасқа дейінгі өрендер мен қыздар және 23 жасқа дейінгі жастар арасында ауыр атлетикадан ел біріншілігі басталды. Спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сайыс алғаш онлайн форматта өтуде.

           Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Әсет Игенбаевтың айтуынша, сайысқа солтүстікқазақстандық атлеттер де белсенді қатысуда.
– Додада облыстық олимпиадалық резевтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің төрт тәрбиеленушісі, атап айтқанда, Жанәли Тұяқов, Александр Шпехт, Алина Колиушко және Денис Полубояринов бақ сынап, өңір намысын қорғауда. Жаттығуларда біраз тер төккен олар шеберліктерін көрсету үшін барын салуда. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз, – деді ол.
Сенбіге дейін созылатын жарыстың бірінші күнінің нәтижесінде 61 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде жастар арасында өнер көрсеткен солтүстікқазақстандық атлет Александр Шпехтке тең келер ешкім болмады. Ол зілтемірді жұлқа көтеруде – 100 килограмды, серпе көтеруде 135 килограмды еңсеріп, қоссайыстың қорытындысында 235 килограмдық көрсеткішпен алтын медаль олжалады. Одан бөлек, 55 килограмға дейінгі салмақтағы қыздар арасында екі кезең бойынша 157 килограмды бағындырған Алина Колиушко күміс жүлдегер атанды.  

 

Сурет: https://kaz.tengrinews.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp