«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОРҒАНЫШ ҚҰРАЛДАРЫН ҮЛЕСТІРДІ

Облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшелері №1 қалалық аурухананың медициналық қызметкерлерін қажетті қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етті.

Бүгінгі таңда өңірдегі медициналық қызметкерлер коронавирус індетімен күресуде. Ақ халатты абзал жандардың арқасында жұқпалы індетке шалдыққан науқастар ауруынан айығып, көбі үйлеріне шықты. Инфекциямен күресте мамандардың қауіпсіздігі де ерекше назарда. Осынау қиын сәтте өңір кәсіпкерлері мен қайырымды жандар медициналық қызметкерлерге қол ұшын созуда.

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшелері дәрігерлерге жиырма қауіпсіздік киімін табыс етті. Ақ халатты абзал жандарға көрсетілген осынау көмек оларды қауіпті індеттен қорғап, жұмыстарын жеңілдетуге ықпал етсе екен, – деді облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшесі Сайран Хамзин.

Өз кезегінде облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Дархан Қалиев қасиетті айда мұндай игі шаралар көптеп жасалатынына сенімді. Оның айтуынша, қауіпсіздік құралдарын сатып алуға жарты миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған.

Қазір кәсіпкерлер палатасының сарапшылары қиын жағдайға тап болған кәсіпкерлерге түрлі кеңес беруде. Бүгінде көктемгі дала жұмыстарына жұмылдырылған адамдардың кедергісіз жүріп-тұруы ерекше бақылауға алынған. Барлық блок-бекеттерде облыстық, аудандық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері мониторинг жүргізуде. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp