Солтүстік Қазақстан облысының Ғ. Мүсірепов атындағы ауданында бір аляқтардың сапасыз тауарлар сатып, жұртшылықты қаратақырға отырғызып жүргені белгілі болды. Аляақтар Қытайда жасалған медициналық аппараттарды көпірте мақтап, «Маңғыт, аузыңа саңғыттың» сыңайын жасаған. Ақыры, полицияның учаскелік инспекторы, майор Сәбит Әшетов қуларды құрықтаған. Олар көрші Қостанай облысынан келгендер болып шықты.
«Қу қонақтар» алданған адамдарға ақшаларын қайтарып беруге мәжбүр болды.