«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОСЫМША ОҚУДЫҢ БЕРЕРІ КӨП

Қазіргі заманғы қосымша білім беруге жас буынның құштарлығы артып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында азаматтардың сауаттылығы мен цифрлық біліктілігін арттыру мақсатында Үкіметке үздіксіз білім беру тұжырымдамасын дайындауды тапсырды. Бұл құжатта бейресми білім берудің баламалы нұсқаларын көптеп енгізу, өз бетінше оқу нәтижелерін мойындау, кәсіби дағдыларды сертификаттау мәселелері кеңінен қарастырылатын болады.

Коронавирус індетінің салда­ры­нан мектеп оқушыларының көп­шілігі білім алудың қалып­тас­қан дәстүрлі тәсілінен қол үзіп, қа­шықтан оқуға көшуге мәжбүр бол­ды. Мұның өзі толыққанды оқу үде­рісіне жаңашыл сипаттар беру үшін тың тәсілдер ойластыру та­лаптарын алға тартты. Мем­лекеттік білім беру саясаты тұр­ғысынан алып қарағанда, бұл ауыл оқушылары үшін теңсіздікті азайтудың пәрменді құралына айналар еді. Өйткені, ауылдық жер­лердің 35,5 пайызының, аз қамтылған отбасылардың 68 па­йызының ғана қосымша оқыту­мен қамтылуы мәселенің өте өзекті екенін көрсетеді.

Оқу­шы­лар сарайы ғылыми-жобалау және ғылыми-зерттеу қызметін, STEM-білім, бизнес-бі­лім беруді ұйымдастырудың қыз­ғылықты ба­ғыттарын ұсыну ар­қы­лы бала­лар­дың прогрессивті да­муына, кә­сі­би өзін-өзі тануға, са­уатты биз­нес-идеялар жүргізуге, ғылым әле­мінде жаңа дүниелерді танып-білуге айтарлықтай ықпал жасап келеді. “Өрлеу” біліктілікті артты­ру ұлттық орталығының об­лыс­тық филиалы Оқушылар са­райы­мен бірлесіп, “Қосыл, оқы, да­­мы…” Live On Stage” қосымша бі­лім беру навигаторын іске қос­ты. Ондағы идея – қосымша білім беру мобильді навигаторы құры­лы­мы негізінде Оқушылар са­ра­йы­ның ресурстарымен таныс­ты­ру, ауыл мектептері және ерек­ше қа­білетті жеткіншектер үшін прак­тикалық маңыздылығын ғы­лыми-әдістемелік жағынан түсіндіру.

Іс-шараға мектеп директорла­ры, ауыл оқушылары, қамқоршы­лық кеңе­сі­нің мүшелері, ата-аналар коми­тетінің өкілдері, пән мұ­ға­лімдері тартылып, республика­лық қосым­ша білім беру оқу-әдістемелік ор­талығының директоры Раиса Шер жоғары баға берді. Пе­да­гог­тардың біліктілігін арттыру инсти­туты филиалының директо­ры Ал­ма Мырзалинова, Оқушы­лар са­райының директоры Дина Әбіл­мә­жі­нова “Қосымша білім бе­ру әр Қазақстан оқушысының өмі­рінде болуы керек” тақырыбында пайдалы диалог өткізді.

Оқушылар сарайынының күн­делікті тәжірибесінде IT саласын­дағы өзекті әдістемелік және бағ­дарламалық-аппараттық қамта­ма­сыз ету, ғылыми-биологиялық жә­не көркемдік іс-шаралар жүйе­лі түрде атқарылады. Мысалы, SDR-радио, дрондарды құрас­ты­ру, ро­боттарды бағдарлайтын тех­ника, электроника және электро­тех­ни­ка, физика, химия, биология зерт­ханалары мен кабинеттері қы­зық­ты жобалар жасайды. “Атаме­кен” ұлт­тық кәсіпкерлер палатасы мен “Аs­tana Hub” IT-стартаптар ха­лық­аралық технопаркі ұсынылған бағ­дарламалар шеңберінде оң са­рап­тамалық баға берді. Демек, оқу­­шылар мектепте алған білім­дерін тәжірибе жүзінде қалай қол­дану керектігін жете меңгеріп, ма­ғына­лы істерге зияткерлік және шы­­ғар­машылық әлеуетін толық қуа­­тын­да жұмсай алады деген сөз.

Бір сөзбен айтқанда, Оқушы­лар сарайының педагогтар ұжы­мын STEM-білім беру форма­тында ғылыми-зерттеу шығар­ма­шылығы мен бизнес-оқыту жүйе­сінде үйірмелердің интегратор­ла­ры рөлін орындауға қабілетті, са­уатты және жауапты мамандар ре­тінде сипаттауға болады. Әр оқу­шыға тұлғалық-бағдарлы көзқа­рас тұрғысынан келіп, шығар­машылық даму, интеллектуал­дық шабыт бере білетін, жаңа идея­ларға қозғау салатын кеңес­ші, дос ретінде рөл атқаруы құп­тарлық. Сүйікті іспен айналысу әркімнің арманы десек, білік пен білімділік қанат жайған жерде жетістік баянды етіліп жаста, құба-құп.

Әмина ТАЙЛАНОВА,

Айман КЕҢБЕЙІЛОВА,

“Өрлеу” БАҰО облыстық филиалының бас мамандары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp