«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗМЕТТЕРІНЕН ҚУЫЛДЫ

Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Берік Біләловтің қатысуымен өткен тәртіптік комиссияның отырысында полицияның бірқатар басшы қызметкерлері қатаң сөгіс арқалады.

Жиында ішкі қызметтік қауіпсіздік басқармасының бастығы Нұрлан Қапаров тәртіп сақшыларының жемқорлық әрекеттері жайлы баяндады. Тәртіптік комиссия шешімімен 100 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталған Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының 2 жедел уәкілі Жангелді Сахатов пен Ербол Шәйінов құқық қорғау саласынан қуылды. Сол сияқты, қызметтік міндеттерін дұрыс атқармаған бірқатар басшылар, атап айтқанда, облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасарлары Думан Таев пен Виктор Букреев, қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Александр Деров, бөлім бастықтары Жанат Таңатқанов, Серік Әлжанов, Есіл аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Олег Янушкин де қатаң тәртіптік жазаға тартылды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp