«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫНМЕН КҮРЕС

Петропавл қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Төтенше жағдай түс кезінде Хименко көшесінің бойында орналасқан бесқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында орын алды. Өртсөндірушілер оқиға орнына жеткенде қою түтін жоғары қабаттарға жайылып үлгеріпті. Құтқару амалдарына көшкен газ-түтіннен қорғау қызметінің құтқарушылары бірден жоғары көтерілді. Осылайша, бөлім қызметкерлері үшінші және бесінші қабаттардағы пәтерлерден 68 және 90 жастағы екі қарияны далаға шығарып, дәрігерлерге тапсырды. Оқиға орнынан 18 адам қауіпсіз жерге шығарылды, олардың үшеуі – бала. Өртсөндірушілер жалынды жарты сағаттың ішінде ауыздықтады.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp