«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫҚТЫ ФЕСТИВАЛЬ

 

“Жастар жылы” аясында Петропавлдағы орталық алаңда “Qyzyljar Jastar Fest” спорт фестивалі өтті. Осылайша, солтүстікқазақстандықтар республикалық челенджге қатысты. 

Жаңа сипаттағы акцияның қызықты өтуіне шаһардағы “Нептун” фитнес клубы мен “My dream center” фитнес орталығының, облыстық тай боксы федерациясының және басқа да спорт ұйымдарының өкілдері атсалысты. Олар алаңға жиналғандардың алдында өнер көрсетті. Алдымен фитнес-бапкерлер жаттығу өткізді. Бұдан соң облыстың үздік гір көтерушілері мен армрестлингшілері шеберліктерін көрсетті. Ал “Барыс” балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары стритбол ойнаса, облыстық тай боксы федерациясының тәрбиеленушілері үйренген әдіс-тәсілдерін паш етті. Сондай-ақ, бұл күні қала тұрғындарына тоғызқұмалақ пен шахмат ойнау мүмкіндігі берілді. 

 


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp