«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗ — ЕЛДІҢ КӨРКІ

М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде тәрбиелік мәнісі зор кездесу ұйымдастырылды.

“Инабат”, “Надежда” клубтарының және Аналар кеңесі мүшелерінің өткізіп отырған бұл кездесуі қыз бала тәрбиесіне өзіндік үлес қосуды көздейді. Іс-шараға қатысқан қонақтар “Қызға қырық үйден тыйым” деген нақыл сөзді тілге тиек ете отыра осы тақырыпта түйінді ойларын айтып, біраз мәселелерді ортаға салды.

– Қазақ халқы ежелден қыз баланың тәрбиесіне ерекше назар аударған. Заман ағымына сай, біздер көптеген көңілден шықпайтын жағдайларға тап болып жатырмыз. Инабаттылық, әдептілік қазақ қыздарының бойынан жоғалып бара жатқан сияқты, – деді облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Әдия Ахметова.

Бүгінгі таңда аталмыш оқу орнында ашылған екі клубтың ұстанған бағыты, көздеген мақсаты бір. Ол – қыздың қазақ қыздарының бойына жақсы қасиеттерді барынша молынан сіңіріп, олардың әдепті, инабатты, иманды болуына өзіндік үлес қосу. Айта кетерлік бір жайт, бойжеткендер ардақты аналармен кездесіп, олардың ақыл-кеңестерін тыңдаумен ғана шектелмейді. Қыздар тамақ істеп, іс тігумен де айналысады. Күні ертең тұрмысқа шыққанда мұның барлығы керек нәрсе екенін ескерер болсақ, осындай клубтардың саны алдағы уақытта көбейе түссе, нұр үстіне нұр болар еді.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp