«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫСТА ЖОЛДА ҚАЛМАУ ҮШІН…

Талай жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген Ақжар ауданының жолдары тұрғындарға аса қолайлы емес. Әсіресе, боранды күндері жүру машақат. Алайда, ақжарлықтар өз қолдарынан келер мүмкіндікті қалт жібермейді. Қулыкөл ауылдық округінің әкімі Қыдырболат Бекбалтин “Талшық-Ақсары” бағытындағы 65 шақырым тасжолдың жиектерін тегістеп, қыстың ызғарында жүргіншілердің жолда тұрып қалмауын ойластырып қойды. Оған жергілікті “Дамир” шаруа қожалығының басшысы Рүстем Мұхамедиев үлкен қолғабыс жасап отыр.

Боранды күндері даңғыл жолды қар басып қалмас үшін темір тұлпарынан түспейтіндердің бірі – аталмыш шаруашылықтың еңбеккері Наурызбай Мүрсәлімов. Наурызбай Балапанұлы – шаруашылықтың тәжірибелі де білікті механизаторы. Оның атқарған жұмысы қашанда тиянақты.

– Ауылдық округ әкімдігі аумағымызда орналасқан қожалықтармен меморандумға қол қойды. Атап айтсақ, Рүстем Мұхамедиевпен бірге “Азмаған” шаруа қожалығының басшысы Қанат Азмағанов техника бөліп, қыс мезгілінде жолдарды бақылап отыруды өз міндеттеріне алды. Сондықтан ел тұрғындары биылғы қыста да жолдарынан қалмайды деген сенімдемін, – дейді Қыдырболат Бекбалтин.

Болат ӘМРИН,

журналист.

Ақжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp