«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫСҚАША

Солтүстікқазақстандық спортшылар көркем гимнастикадан өткен Жамбыл облысының ашық біріншілігінен оралды. 130-дан астам спортшы бақ пен бап таластырған жарыста 17 солтүстікқазақстандық спортшы өңіріміздің намысын қорғады.

Сайыстың қорытындысы бойынша Қарағанды мен Тараз қаласының гимнастары үздіктер қатарынан көрінген. Дегенмен, жерлес балғындардың барлығы да жүлделі оралды. Бәсекелі сайыста үш құраммен көрсеткен жерлестеріміздің ішінде Қайни Қаражігітованың тобы үшінші орынға ие болған.

***

Санкт-Петербургте гір спортынан Еуропа біріншілігі аяқталды. Оған әлемнің 22 елінен 300-ден астам спортшы қатысты.

Аталмыш додада солтүстікқазақстандық гір көтерушілер сәтті өнер көрсетті. Жарыстың қорытындысы бойынша, жекелей сынның әр салмақ топтарында Дмитрий Капустин (63 кг.) екі алтын медаль иегері атанды. Елена Костенко (58 кг.) күміс медаль еншілегендердің қатарында болды. Ал Владислав Третьяков (73 кг.), Михаил Косинов (78 кг.), Дмитрий Акишин (85 кг.), Василий Слепых (85 кг.), Михаил Вологодский (85 кг.) бір қоладан олжаласа, тағы бір жерлесіміз Андрей Глывяк (95 кг.) екі қола медальге қол жеткізді.

Жастар арасында өткен командалық эстафетада Василий Слепых, Михаил Косинов, Александр Марчуктан жасақталған солтүстікқазақстандық команда үшінші болды.

***

Петропавл қаласындағы бокс залында 2002-2003 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасында бокстан облыс біріншілігі өтті.

Сайыстың қорытындысы бойынша жекелей сынның өз топтарында Влас Косякин (28 кг., Бокс мектебі), Никита Жиров (30 кг., “Жеңіс” МОРБЖМ), Александр Ремезов (32 кг., “Жеңіс” МОРБЖМ), Нұрбек Айтуллинов (34 кг., “Жеңіс” МОРБЖМ), Темірлан Ақтан (36 кг., Жамбыл ауд.), Сұлтан Амантай (38 кг., “Жеңіс” МОРБЖМ), Сұлтан Жалғасбек (42 кг., “Жеңіс” МОРБЖМ), Ерсұлтан Ақтан (44 кг., Жамбыл ауд.), Еламан Әбдіреш (46 кг., Жамбыл ауд.) және Андрей Хорольский (60 кг., Бокс мектебі) жеңістің биік тұғырына көтерілді.

Жалпыкомандалық есеп бойынша “Жеңіс” МОРБЖМ-нің боксшылары жеңімпаз атанды. Ал Жамбыл ауданы мен бокс мектебі екінші және үшінші орындарға табан тіреді.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp