Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Петропавл қаласындағы бірнеше құрылыс нысандарында болды.
Ерік Хамзаұлы алдымен “Береке” шағынауданында салынып жатқан 55, 75, 90 пәтерлік үш тұрғын үйдің құрылысымен танысты. “Основание”, “ПМК-5”, “Стройкомпания” ЖШС-лары жұмыстың 90 пайызын орындаған. Аталмыш шағын аудандағы 80 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жоспардан қалып келеді. Өңір басшысы медігер компанияға құрылыстың қарқынын арттыра түсуді тапсырды.
Сондай-ақ, әкім Жәлел Қизатов және Семашко көшелерінің бойындағы тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Кейін Ерік Сұлтанов “Зооветснаб” ЖШС мен дарынды балаларға мамандандырылған ЛОРД мектеп-лицейіне ат басын бұрды. ЛОРД мектеп-лицейі биыл жаңа орынға көшірілген-ді. Оқу ордасы әкімшілігі жаңа ғимаратта білім беру ойдағыдай жалғасып жатқандығын жеткізді.