«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ ЖАРАҚТАНДЫРЫЛУЫ ЖАҚСАРА ТҮСТІ

Суда құтқару қызметін техникалық қайта жарақтандыруға арналған ұзақмерзімді бағдарламаға сәйкес 2013- 2014 жылдары сатып алынған материалдық-техникалық құралдар облыстың су айдындарындағы төтенше жағдайларды жою операцияларын жедел жүргізуге септігін тигізуде. Мысалы, жаңа үлгідегі “Hunter” УАЗ жедел-құтқару автомобилімен жарақтану жеке құрамға жылдың қай мезгілінде болсын орын алған төтенше жағдайлар орнына қиналмай жетуге мүмкіндік беріп отыр. Ал биыл алынған тасымалдауға ыңғайлы шағын үрлемелі алты орындық 3 қайық суда іздестіру-құтқару шараларын жүргізуге оңтайлы, әсіресе, тасқын уақытында су басқан аудандардан адамдарды басқа жерлерге көшіруге көп көмегі тиді.

Сонымен, “Викинг” гидрокостюмдері, “Faber” су астында дем алу аппараты, бензинмен от алатын мотопомпалар, рациялар, құтқару тақталары сүңгуір-құтқарушылардың жедел дайындығын жақсарту мен судағы төтенше жағдайға ұшыраған адамдарға көмек көрсету уақытын азайтуға ықпал етті.

Энергогенераторлы жылыту-пісіру пешімен жарақтану жылдың суық уақытында төтенше жағдайды жою кезінде суда құтқару қызметі мамандарының жұмысын жеңілдетуге жағдай жасайды. Оның көмегімен кез келген бөлмені жылытып, төтенше жағдай аумағына жарық беруге, ас пісіруге болады.

Сергей ЧЕРКАСОВ,

облыстық Суда құтқару қызметінің 2-дәрежелі құтқару станциясының

 басшысы, құтқарушы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp