«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰТҚАРУШЫЛАР СУ БАСУ ҚАУПІ БАР ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ АТТАНДЫ

Солтүстік Қазақстан облысында өзендердегі су деңгейі біртіндеп көтеріліп келеді. Осыған байланысты 34 маманнан құралған құтқарушылар тобы аудандарды аралауға шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» өкілдерінің мәліметінше, 3 сәуірде Есіл өзені мен оның салаларында мұз жұқарып, шағын өзендерде су деңгейінің көтерілуі байқалған. Покровка және Новоникольское ауылдарының жанында Есіл өзені 4 және 9 сантиметрге көтерілді. Тәуліктік көрсеткіш 1-ден 47 сантиметрге дейінгі аралықты көрсеткен. Жалпы облыс бойынша судың ең жоғары деңгейі Северное ауылының жанында Шағалалы өзеніндегі гидробекетте тіркелді.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, сәуірдің 3-і құтқарушылар мен арнайы автокөліктер, моторлы қайықтар Тимирязев, Айыртау және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарға аттанды.

Фото СҚО ТЖД баспасөз қызметінен алынды

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp