«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ – Елбасы Жолдауынан туындайтын басты міндет

Елбасы биылғы “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауында құқық қорғау жүйесін жаңғыртуға арналған арнайы бағдарлама негізінде саланы одан әрі реформалау міндетін қойды. Осыған сәйкес Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық-атқару кодекстерін ізгілендіру бағытында да айтарлықтай жұмыстар атқарылуда.

Сөйтіп, бүгінгі таңда бас бостандығынан айыруға балама жазалау шараларын неғұрлым кеңінен қолдану көзделуде. Сонымен бірге қылмыстың жаңа нысандарына қарсы күресу үшін негіз қаланады, криминалдық қызметтің жандануы байқалатын салалардағы жазалау қатаңдатылады.

Сотқа дейінгі іс жүргізудің ұсынылып отырған үлгісінде тергеуге дейінгі тексеру мен қылмыстық іс қозғау алып тасталады, бұл өтініштер тіркелген кезден бастап процеске қатысушылардың құқығын іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

Қылмыстық-атқару саласында жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қылмыстық жазалауды орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдем көрсету және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларына, сондай-ақ, жазасын өтеген адамдарды қайта әлеуметтік ортаға тарту жөніндегі жұмысты жалғастыру болжанады.

Сол сияқты, бағдарлама аясында құқық қорғау органдарының қызметін бағалауды қайта қарау жоспарланады. Бұл ретте оның негізгі өлшемдері құқық қорғау органдарының қызметіне халықтың сенімі деңгейін анықтау болмақ.

Сот актілерінің және өзге де актілердің орындалу тиімділігіне атқарушылық іс жүргізудің жаңа тетіктерін жасау арқылы қол жеткізу болжанып отыр. Жоғары кәсіби кадр құрамын қалыптастыру жөнінде жұмыс жүргізілетін болады. Ведомстволық білім беру жүйесі мен құқық қорғау органдары қызметін ғылыми қамтамасыз ету одан әрі дамытылады. Сот-сараптамалық қызметтерді бір ведомствоға біріктіру мен олардың қызметін аккредиттеудің халықаралық стандарттары деңгейіне дейін жеткізу көзделеді.

Қазіргі заманғы құқық қорғау жүйесін дамыту талаптарына жауап беретін қызметкердің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған шаралар жүйесін іске асыру кәсіби ортаны нығайтуға мүмкіндік береді және қызметкердің жүктемесін объективті айқындауды қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен тәрбиелік және құқықтық жұмысты арттыру олардың жалпы құқықтық мәдениетін, моральдық-адамгершілік сапасы мен кәсіби деңгейін дамытуға бағытталатын болады. Жауынгерлік және қызметтік даярлық жөніндегі оқу-әдістемелік орталықтарын жаңғырту қызмет бейіні бойынша қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттырады.

Қызметкерлердің қызметін бағалауға жаңа талаптар әзірленеді, сол сияқты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешені енгізіледі және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қолданыстағы Ар-намыс кодексіне өзгерістер енгізу жолымен жүзеге асырылады.

Кадр әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында қызметтердің ерекшеліктері ескеріле отырып, соның ішінде қызметкерлердің санатын айқындау үшін аттестаттаудан өткізудің бірыңғай стандарттары нормативті түрде айқындалады. Қызметкердің алғашқы жылдардағы қызметін бағалау үшін тестілеу нәтижелерін қызметкердің қызметтегі тәртібімен салыстыру тәжірибесі енгізіледі.

Полиграфияны пайдалана отырып, қызметкерлерді алғашқы аттестаттау үстіміздегі жылдың төртінші тоқсанында өткізілуге тиіс.

Біздің басқарма басшылығы қызметкерлердің тұрмыс-тіршілігінің ашықтығы мен мөлдірлігіне байланысты әзірлік жұмысын бастап та кетті, соған орай басқармаға жаңа қабылданған қызметкерлердің мекенжайымен, тұрмысымен және тұру жағдайымен танысу іске асырылуда. Аралау барысында тұрмыста олардың әдепсіз қылықтары анықталған жоқ, көршілері оларды жақсы жағынан бағалайды.

Гүлхан ҚАДЫРАЛИНА,

 Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі басқарманың аға прокуроры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp