«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҮЗДІК КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫСЫ – 2015” АНЫҚТАЛДЫ

Жақында “Үздік кәсіподақ көшбасшысы – 2015” облыстық байқауы өтті. Байқаудың облыстық кезеңіне бастауыш кәсіподақ ұйымының 11 өкілі қатысты. Үміткерлер өздерінің ұйымдарында атқарылған жұмыстарын, жеткен жетістіктері мен нәтижелерін жан-жақты көрсетті. Олардың жұмыс өлшемдері ретінде жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымының арасындағы әлеуметтік әріптестік деңгейі сарапқа салынды. Әсіресе, ұжымдық еңбек шарттарына, ұйымның кәсіподақ мүшелерін сауықтыруға қамқорлығына, қызметкерлерге қауіпсіз және жайлы еңбек жағдайын жасауына, саламатты өмір салтын ұстану мен бұқаралық спорт түрлерін ұйымдастыруына, тағы басқаларына баса назар аударылды.

Сайысқа қатысқан бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдері өзара ашық және шығармашылық тұрғыда тәжірибе алмасты. Өз мүшелерінің қорғалуына баса назар аударып, оның жергілікті жерлердегі жұмысын тиімді ұйымдастыра білген бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары анықталды. Петропавл қаласындағы №1 орта мектеп-интернат кәсіподақ комитетінің төрағасы Марат Мухамедзянов 1-орынға лайық деп танылды. 2-орынды Мағжан Жұмабаев ауданы Батыр Баян атындағы мектеп-гимназия кәсіподақ комитетінің төрағасы Сергей Суханов, 3-орынды Айыртау ауданы “Родничок” бөбекжай-балабақшасы кәсіподақ ұйымының төрайымы Людмила Унукович иеленді.  

Светлана ЛЕДЕНЦОВА,

білім және ғылым

қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp