«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҮЗДІК ШЕБЕРЛЕР” АНЫҚТАЛДЫ

Жақында қала әкімдігі мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Петропавл қалалық Мәдениет үйінде “Үздік шебер – 2019″ қалалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.

 “Еңбек күні” мерекесіне орай ұйымдастырылған байқау тас қалаушы, шаштараз, флорист, шинажинақтаушы, сылақшы аталымдары бойынша өткізілді. Қатысушыларды қала әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин құттықтап, оларға сәттілік тіледі.
Сайыс барысында шаштараздар өз модельдеріне түрлі шаш үлгілерін жасаса, флористер гүлді барынша әсем безендіруге тырысты. Ал тас қалаушылар тас қалап, шинажинақтаушылар көлік дөңгелектерін ауыстырып, сылақшылар қабырға сылап, өздерінің жұмысқа деген қабілеттерін көрсетіп бақты.
Байқау соңында қатысушыларды қолдауға келген жанкүйерлер үшін концерт ұйымдастырылып, қаламызға танымал өнер иелері әннен шашу шашты. Ал қазылар алқасы жеңімпаздарды дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапаттады.
Сайыс қорытындысы бойынша тас қалаушы аталымында “Стройкомпания” ЖШС-нің қызметкері Нияз Рустемов жүлделі бірінші орынға ие болды. Ал шаштараз мамандары арасында қызмет көрсету колледжінің 3-курс студенті Ирина Яминская үздік атанды. “Үздік флорист” атағын Зинаида Кузнецова жеңіп алса, “RemZona” шинажинақтау орталығының қызметкері Александр Ружницкий үздік шинажинақтаушы атанды. Ал кәсіптік-педагогикалық колледж студенті Владимир Смирнов сылақшы аталымында бірінші орынды жеңіп алды.
Сайыс жеңімпаздарына 1-ші орын үшін 30 мың теңге, 2-ші орын үшін 20 мың, ал 3-орын үшін 10 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етілді. Белсенді қатысушыларға 5 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды.  

Сурет http://petropavltv.kz сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp