«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЙСІЗДЕРГЕ ПАНА

Тәртіп сақшылары тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды анықтауға бағытталған рейдтік шараларды жалғастыруда. Оларға әлеуметтік және медициналық көмек көрсету, санитарлық жағдайды қамтамасыз ету, топтасып шоғырлануының алдын алу үшін жылу трассаларын, құдықтар мен қараусыз қалған ғимараттарды – қаңғыбастар жиналуы мүмкін орындарды тексеруде.

 Таңертең басталған шаралардың нәтижесінде орта есеппен күніне онға жуық қаңғыбас полиция бөліміне жеткізіледі. Петропавл қалалық полиция басқармасының қабылдап-тарату орны бастығының орынбасары, полиция майоры Павел Ющенконың айтуынша, карантин енгізілген уақыттан бастап 96 адам жеткізіліп, түнеу орнында 131 адам болған.
Қабылдап-тарату орнының қызметкерлері жеткізілгендер туралы мәліметтерді криминалистикалық, жедел-анықтамалық базаларға, басқа да есептерге енгізеді, үйсіздерді іздестіріп жатқандардың картотекасы бойынша тексереді. Олардың әрқайсысына түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін Жұмысшы кентінің шетінде орналасқан қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығының түнеу орнына жіберіледі. Осыған дейін түнеу орны тек аязды күндері жұмыс істейтін еді. Қазір карантин шараларына байланысты 50 адамға шақталған құрғақ және жылы ғимарат есігін қайтадан айқара ашты. Жергілікті атқарушы билік пен жомарт жандардың қолдауымен еріктілер мұндағы адамдарға ыстық тамақ әкеліп тұрады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp