«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ

14 ақпанда Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтті.

Мемлекет басшысы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің инвестиция тартудағы жұмысын сынға алды.

Президент үстіміздегі жылғы сәуірден бастап азаматтық қызметшілердің еңбекақысына 10 пайыздық төлемді қосуды тапсырды. Осы орайда Елбасы білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, әлеуметтік қорғау салаларының қызметкерлері қамтылатынын атап өтті. Мемлекет басшысы зейнетақы төлемдерінің жыл басынан бері ұлғайғанын ескере отырып, өсім көлемін 14%-ға дейін жеткізуді тапсыратындығын айтты. “Ал мемлекеттік жәрдемақы төлемдерінің өсімі 12%-ға дейін жеткізілсін”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Теңге бағамына қатысты түзету шаралары ғана экономиканың алты пайыздық өсімін қамтамасыз ете алады. ҚР Президенті осылай деп мәлімдеді. Елбасы теңге бағамындағы түзетулерге қатысты абыржу болмауы тиістігін атап айтты.  

Президент атқарушы биліктің жұмысын қанағаттанарлық деңгейдегі, жалпы алғанда, оң бағалады. Дегенмен, әлі де орындалмай отырған тапсырмаларға баса назар аударылды.

“Былтырғы қазан айында мен тоғыз айдың қорытындысына қатысты кеңес өткізіп, Үкіметке отыз үш тапсырма бергенмін. Олардың орындалу мерзімі бүгін аяқталды. Дегенмен, солардың ішінде тек он бірі ғана, яғни отыз пайызы ғана орындалып отыр”, – деді Мемлекет басшысы. Елбасының айтуынша, орындалған тапсырмалардың кейбірі сапасыз болса, енді бірі әлі де жүзеге асырылып жатыр. Президент елімізде жүргізіліп жақтан “көлеңкелі экономикамен” күреске көңілі толмайтынын жеткізді.

“Бүгінгі отырыста мен Үкіметке барынша салмақты тапсырмаларды атап өттім. Олар бойынша, құжаттар, бағдарламалар, заң жобалары әзірленетін болады, күнделікті атқарылатын жұмыстар да жеткілікті. Сондықтан да, Үкімет, бейнелеп айтқанда, “казармалық режім” жұмысына көшіп тәулігіне 24 сағат жұмыс істеуі керек , – деп атап көрсетті Елбасы.

Президент бұл ретте Үкімет алдына жүктелген тапсырманың әрбір пунктін өзі тікелей бақылайтынын мәлімдеді.

“ҚазАқпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp