«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің студенттері үлкенге құрмет көрсетудің нағыз үлгісін көрсетіп, “Biz birgemiz!” акциясы аясында елу зейнеткерге жәрдемдесті.
Әлеуметтік желілер арқылы қаржы жинаған жастар ұзақ жылдар бойы университетте сабақ беріп, зейнет демалысына шыққан ардагер ұстаздарға азық-түлік пен медициналық құралдар таратты.

Қолдауға ие болғандардың қатарында Нина Лебедева да бар. Ол 30 жыл бойы жоғары оқу орнында аға зертханашы болып қызмет еткен. Амандық-саулық сұрасқан соң қария белсенді жастарды дастарқан басына шақырып, ақ батасын берді.
Бүгінгі күні университеттің ардагерлер ұйымында 300-ден астам қария бар. Қайырымды жастар ардагерлерден басқа университетте білім алатын шетелдік студенттерге де қол ұшын созды. Акция аясында бір топ студенттің жолақысын өтеуге жететін қаржы жиналып, олар аман-сау елдеріне оралды.


Кәмел ОМАРҚЫЗЫ.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp