Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебеп кітапханада «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясы өтті. Оған филиал төрағасы, өңір басшысы Құмар Ақсақалов қатысты.
Алқалы бас қосуда төрағаның бірінші орынбасары Әсем Рахметова екі жарым айға созылған праймериздің қортындылары жайлы баяндадады. Праймеризге 632 нұротандық белсене атсалысып, 123500 адамды қамтыған 6500-ге жуық кездесу ұйымдастырылды. Үміткерлер өз бағдарламаларында жол, ауыз су, көлік, коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, білім беру, тағы басқа салаларға қатысты бір мыңнан астам ұсыныс-пікірлер білдіріп, өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Сайлауалды бағдарламалар негізінде 15 жоба әзірленіп, праймериз ақпараттық жүйесі арқылы тұрғындарға таныстырылды.
Жиында өңірлік саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, жеті басым бағыт белгіленді. Дауыс беру нәтижесінде 48 үміткер мәслихат депутаттығына таңдалып, партиялық тізімге енгізілді. Олардың 33 пайызы – әйелдер, 21 пайызы – жастар. Орташа жасы – 46.
Сонымен бірге Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлердің аты-жөндері де анықталды. 16 үміткердің арасынан ең көп дауыс жинаған «Зенченко және К» командиттік серіктестігінің бас директоры Геннадий Зенченко, «Солтүстік» әлеуметтік-өндірістік корпорациясы» АҚ басқармасының төрағасы Есжан Оразалин және «Заң қызметкері орталығы» серіктестігінің диркторы Дмитрий Колода ең үздік атанып, партиялық тізімге кіргізілді.
Конфенцияда «Nur Otan» партиясының ХХ сьезіне делегаттар сайланды. Филиалда саяси кеңес құрамы және қоғамдық штаб төрағасы мен орынбасары бекітілді.
Жиында сөз сөйлеген Құмар Іргебайұлы праймеризді ұйымдастыру, түрлі деңгейдегі сайланбалы органдарға белсенді азаматтарды таңдау талапқа сай атқарылғанын атап көрсетті. Қатысушылар әр кезеңге жақсы дайындықпен келіп, өз ұстанымдарын сәтті қорғай білді. Алдағы уақытта партияның әрбір мүшесі өңірлік қабылданған іс-қимыл жоспарларына бір кісідей қатысады деген сенімдемін”, – деді филиал төрағасы.