«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮШІНШІ ОРЫНҒА ТАБАН ТІРЕДІ

Ақмола облысының Щучинск қаласында мектеп және колледж шәкірттері арасындағы республикалық спартакиаданың аясында еркін күрестен сайыс өтті. Боз кілемде 200-ден аса мектеп және колледж тәрбиеленушілері күш сынасты. Аталмыш жарыста өңір намысын қорғаған солтүстікқазақстандық қыздар құрама командасы екінші болса, ұлдар командасы үшінші орынға табан тіреді.

Сайыстың қорытындысы бойынша жекелей сында Нұрқожа Қайпанов (63 кг.), Еркебұлан Боранғалиев (54 кг.), Ұлбике Қасымбекова (38 кг.), Александра Ходжаева (40 кг.), Назира Аманжолова (56 кг.), Айша Уәлишан (60 кг.), Светлана Сергеева (65 кг.) жеңістің бірінші тұғырына көтерілсе, Сұлтан Бейісов (58 кг.) пен Бауыржан Зейноллиев (50 кг.) күміс медаль еншіледі.

Жалпыкомандалық есепте Ақмола облысы жеңіс тұғырынан көрінсе, екінші орынға астаналықтар жайғасты. Ал жерлестеріміз жүлделі үшінші орынға ие болды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp