Құтқарушылар Пестрое көлінің жағасында тыныққан үш адамды ажал аузынан аман алып қалды.
Үрлемелі матрасқа мініп, суға түскен 10 және 12 жасар екі қыз жағадан алыстап кеткен. Құтқару жейдесін кимеген қыздарға құтқарушы Руслан Асқапов көмекке жетті. Бұдан бөлек, құтқарушы әріптесімен бірге 52 жастағы ер адамды құтқарды. Кейін оның ащы суға тойып алғаны анықталды. Бұл туралы толығырақ газетіміздің ертеңгі нөмірінен оқи аласыздар.