«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛЫ АҚЫНҒА АРНАЛҒАН

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында орыстың ұлы ақыны А. Пушкиннің 215 жылдығына орай ұйымдастырылған көрме ашылды.

Көрме үш бөлімнен құралған. Біріншісінің экспозициясы А.Пушкин ертегілерінің желісі бойынша салынған балалардың суреттерінен тұрды. Онда “Алтын балық”, “Салтан патша жайында ертегі”, “Теңіздің қолтығында жасыл емен”, “Көреген Олег туралы ертегі” және тағы басқа ертегілердің кейіпкерлерін кездестіруге болады. Бұл суреттерді Петропавлдағы көркемөнер лицейі – “Юнеско” клубының тәрбиеленушілері салған. Жас суретшілер түрлі техниканы қолданған. Акварель, гуаш, қарындаш, фломастер, тоқыма жібі, ермексаз, тіпті, көрмеге қойылған жұмыстар ішінде керамика мен гипстен жасалған мүсіндерді де кездестіруге болады.

Көрменің келесі бөлімінде Омбы қаласының тұрғыны, Ресей Федерациясы суретшілер одағының мүшесі, суретші Римма Камкинаның “Пушкиннің Петербургі” атты репродукциясы көрермен назарына ұсынылды. Графика, кескіндеме жанрымен танылған қылқалам иесінің картиналары ақынның шығармашылығы мен өмір жолы жайлы сыр шертеді.

“Гранитте, гипсте, мраморда және қолада” деп аталатын көрменің келесі бөліміне педагог, журналист Василий Коноплевтің А.Пушкиннің шығармашылығына арналған жеке топтамасы қойылған.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

  Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp