«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰМЫТЫЛМАС ҰЛЫ АНА

Орыстың ұлы ақыны Михаил Лермонтовтың ең жанашыры – әжесі Елизавета Алексеевна Арсеньева немересінің қамшының сабындай қысқа ғұмырында қамқорлық жасап, панасы болса, Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғаным Сарғалдаққызы да (1783-1853) ғұламаның ғұмырында өшпес із қалдырған.

Айғаным – Абылайдың келіні, Уәлидің кіші әйелі. Ол 38 жасында жесір қалып, хан ордасына иелік еткен. Сондықтан Ресей билігі көбіне Айғаныммен қарым-қатынас орнатқан. Ол осыны пайдаланып, ұлы Шыңғысты, немересі Шоқанды орысша оқытып, білім алуларына жағдай жасаған.

Еліміздің тарихындағы тұғыры биік тұлға болған Айғаным Айыртау ауданының Сырымбет елді мекенінде ғұмыр кешкен. Жақында осы қоныста “Айғаным мазары” бой көтерді.

Осы оқиғаға арналған салтанатқа күздің соңғы күнінде жұртшылық көп жиналды. Омбы қаласынан да қонақтар көлік басын тіреді.

Аудан әкімі Ағзам Тастеміров құттықтау сөз арнап, мазардың құрылысына атсалысқан жергілікті азаматтарға аудан тұрғындары атынан ризашылық білдірді.

Салтанатта сөз алғандар ұлы анаға ұрпақтар тағзымын арнады.

“Өлі риза болмай, тірі байымайды” дегендей, ұлыларға Құран бағышталды.

Нұрғайша ЕРЕЖЕПОВА,

Егіндіағаш негізгі мектебінің мұғалімі,

Қазақстан Республикасы білім

беру ісінің үздігі.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp