Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕС-164/8 мекемесінде жылдағы дәстүр бойынша қайырымдылық сенбілігі өтті. Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау айлығына орай өткізілген шараға ұжым қызметкерлері бір кісідей атсалысып, белсенділік танытты.
Қарттарды қолдау айлығы аясында біздің мекемеде қызмет істеп, құрметті еңбек демалысына шыққан ардагерлер де назардан тыс қалған жоқ. Айлық барысында ұжым қызметкерлері зейнеткерлердің үйлеріне барып, материалдық көмек көрсетеді. Сондай-ақ, офицерлер мен сержанттар, жалдамалы жұмысшылар біркүндік еңбекақыларын қарттар мен мүгедектерді қолдау қорына аударды.
Жанат СӘБИТОВ,
ЕС-164/8 мекемесінің аудармашысы.