Бірінші лига командалары арасында өткен 18-ші тур барысында облыс орталығындағы “Қарасай” стадионында жергілікті “Қызылжар СК” футбол клубы Талдықорған қаласының “Жетісу Б” командасымен кездесті.
Екі тайм кезінде жерлес аяқдопшылардың қарсылас клубтың қақпасына гол соғуға қаншама мүмкіндіктері болғанымен, олар мұны жүзеге асыра алмады. Сөйтіп дода 0:0 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, бүгінгі таңда петропавлдық клуб 36 ұпай жинап, турнир кестесінің үшінші орнында орналасқан. Ал талдықорғандық команда 26 ұпаймен алтыншы орынға табан тіреді.
30 тамыз күні “Қызылжар СК” футбол клубы сырт алаңда Шымкент шаһарының “Қыраны”-мен кездесетін болады.
https://mtrk.kz