«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘКЕ ЖОЛЫН ҚУҒАН ҰЛ

“Зенченко және К” командиттік серіктестігінің бас директоры Геннадий Зенченко Қазақстанның Еңбек Ері атанды.

Елімізге танымал кәсіпкер ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай өткен форумда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан “Отан” орденін қоса алды. Облыстық әкімдікте өткен салтанатты шарада жерлесімізді өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов, әріптестері мен достары құттықтады.

“Геннадий Зенченко – ғұмырын ауыл шаруашылығы саласына арнаған әулеттің даңқты жолын жалғастырып келе жатқан тұлға. Оның агроөнеркәсіптік саладағы мол тәжірибесі, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі зор алғысқа лайық”, – деді Ғауез Торсанұлы.

Геннадий Зенченко – табыс­ты кәсіпкер ғана емес, туған ауы­лы­ның дамуына айтарлықтай үлес қо­сып отырған меценат. Оның ұйытқы болуымен Қызыл­жар ау­да­нындағы Новониколь­ское елді мекені өндірісі өркен­деген, тұр­ғын­дарға әлеуметтік жағ­дай жа­салған үлгілі ауыл­дар­дың біріне айналды. Салта­натты жиын ба­ры­сында атақты аграрийді дос­тары мен әріптес­тері де құттық­тап, жылы лебіздерін білдірді.

“Біз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының басшымыз Геннадий Зенченконың жемісті еңбегін жоғары бағалағаны үшін қуаныштымыз. Бұл награда қа­жырлы қайраттың, мықты тәжі­ри­бенің және нағыз кәсібиліктің кө­рінісі деп білеміз. Геннадий Генна­девич үшін шын жүректен қуаныш­тымыз”, – деді серіктес­тік­тің бас есепшісі Елена Аб­рамовская.

Отбасылық кәсіптің тізгінін ұс­таған Геннадий Зенченко әкесі бастаған істі аяқсыз қалдырмай, табысты еселей білді. Ол еліміз­дің экономикасын дамытуға елеу­лі үлес қосып, ауыл шаруа­шылы­ғы саласына жаңашыл­дықтар әкелді. Серіктестікте за­манауи агротехнологиялар­дың қолданы­луы­ның арқасында жыл сайын жақсы өнім алынады. Аза­мат өз кезегінде мұндай жетістіктерге ұжымының және жерлес­терінің көмегінсіз жете ал­майтынын ай­тып, жылы тілектері мен құттықтауларына алғыс біл­дірді.

“Менің ізімді ұлым мен немерем басып келе жатыр. Олар да осы салада еңбек етуде. Мемлекет басшысына еңбегімді баға­лағаны үшін ризашылығымды білдіремін. Бұл марапатқа ие болу үшін ұзақ әрі қиын жолдан өту керек болды”, – деді Геннадий Зенченко.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp