«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әлеуметтік картаның артықшылығы көп

“Қазпошта” АҚ әлеуметтік бағдар ұстанып, үнемі тұр­ғындардың қамын ойлайды. Компанияның жеке процес­синг­тік орталығы ашылғалы “Қаз­пошта” өзінің төлем кар­та­ла­рын шығарып, тұтыну­шы­лар­ға арналған жаңа өнім­дер мен қызметтер ұсына бас­тады.

Тұрғындарды қолдау мақса­тында шығарылған “Қазақстан аза­матының әлеуметтік картасы” – көп­функционалды заманауи кар­та. Бұл өнім өз бойына банктік, кө­лік­тік, дисконттық және өткізу кар­та­ларының қызметін біріктірген.

Бүгінде Қазақстан аумағында 160 мыңнан астам әлеуметтік кар­та шығарылса, соның 2 жарым мың­­нан астамы біздің өңірге тие­сілі. Бұл карта өзге елдердің тә­жі­рибе­сін, оң және теріс тұстарын са­рап­тау нәтижесінде жасалды. Көр­ші­лес Ресей тұрғындары бұған де­йін осыған ұқсас карталарды қол­да­нып көрген болатын. Алайда, әзір­­ге, ТМД елдерінде қазақстан­дық әлеуметтік картаның балама­сы жоқ деп батыл түрде айта аламыз.

Бұл картаның артықшылығы сол, ол Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігінің әлеу­меттік тізіліміне кіріктірілген. Со­ның арқасында бұл карта арқылы әлеуметтік жеңілдіктерге қол жет­кізуге болады. Дейтұрғанмен, бұл кар­таны тек әлеуметтік әлжуаз топ­тарға кіретін адамдар ғана емес, кез келген тұрғын, тіпті балалар да қолдана алатынын айтқым келеді. Оның көмегімен әлеуметтік төлем­дерді (зейнетақы, жәрдемақы, шә­кіртақы), еңбекақы мен басқа да тө­лемдерді алуға, қоғамдық көлікте жүру және мектеп асханасында та­мақтану ақысын төлеуге болады. Со­нымен қатар білім беру мекеме­леріне турникет арқылы кіріп-шығу үшін қолдануға, жеңілдікпен бе­рі­летін дәрі-дәрмек алуға және дәрі­ханалардан арзандатылған дәрі са­тып алу үшін пайдалануға бо­лады.

Әлеуметтік картаны алу тегін. Тағы бір артықшылығы – қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін 1 пайыз кэшбек төленеді. Ал сауда-қызмет көрсету кәсіпорындарында көтермеленген қайтарымақысы бар. Коммуналдық қызмет ақы­сын, салықтар мен бюджетке төле­нетін басқа да төлемдерді, ұялы бай­ланыс төлемдерін “post.kz” және “paypost” сайттары арқылы тө­ле­ген кезде бонус есептеледі. Сон­дай-ақ, карта балансын комис­сия­сыз толықтыруға болады. Ал “Қаз­пошта” серіктестері желісінен та­уар сатып алған кезде төленетін бонустар өз алдына бір бөлек.

Әлеуметтік картаны кез келген солтүстікқазақстандық аша ала­ды. Ол үшін жеке басын куәланды­ра­тын құжатпен “Қазпошта” бөлім­шесіне жүгінсе болғаны.

Бекжігіт БЕКБЕРДИЕВ,

“Қазпошта” АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp