«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов қаладағы бірнеше әлеуметтік-тұрмыстық нысандарда болды.

Өңір басшысы ең алдымен халыққа қызмет көрсету орталығына соғып, уақытша тіркеу жұмыстарымен танысты. Жыл басынан бері облыс бойынша 7 мыңға жуық адам тіркеуден өткен. Тұрғындар тарапынан дүрлігу, түсінбеушілік байқалмайды, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен көші-қон полициясының қызметкерлері қалыпты тәртіпте жұмыс істеуде.

Содан кейін өңір басшысы “Батыр” тракторларын шығарумен айналысатын “Петропавл трактор зауыты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен, “Орман” шағынауданындағы және “Солнечный” кентіндегі тұрғын үйлер құрылысымен танысты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp