«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ

Еңбек нарығын тұрақтандыруды қамтамасыз етуге, жұмыс орындарын сақтауға, тұрғындардың әлжуаз топтарына барынша әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған тиімді шаралар қабылдау бүгін әлеуметтік саясаттың ерекше өзекті мәселесі болып табылады.

Азаматтарды әлеуметтік қолдау аясын кеңейту мақсатында 2016 жылы наурыз айында жаңа “Жұмыспен қамтудың жол картасы” әзірленетін болады. Ол жергілікті инфрақұрылымдарды дамытуға және елді мекендерді көркейтуге арналған жобалар есебінен еңбек нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Соған орай кең ауқымды кадрларды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру ұйымдастырылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін микрокредиттеу кеңейеді.

Өзінің тиімділігі мен қажеттілігін дәлелдеген “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасын жүзеге асыру жергілікті атқарушы органдар жұмысының басым бағыты саналады. Оны жүзеге асыруға 2015 жылы – 2,3 млрд. теңге, оның ішінде 1,5 млрд. теңге – республикалық бюджеттен бөлінді. Жұмысқа орналасу үшін 5062 адамға көмек көрсетілді, оның 4179-ы немесе 83%-ы тұрақты жұмысқа бағытталып отыр. Өзін-өзі қамтамасыз ететін 2717 азамат, 1576 жұмыссыз және 128 аз қамтылған адам бағдарламаға қатысты. Қатысушылардың 1893-і – әйелдер (43%-ы), 2037-сі – жастар (47%-ы), 124-і – мүгедектер (3%-ы).  

Жол картасының бірінші бағыты бойынша жоспарланған 32 жобаны жүзеге асыру аяқталды. Соның нәтижесінде жұмыс берушілер 338 жұмыс орнын құрды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша сомасы 451,3 млн. теңгенің – 235, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға – 160, жолаушылар мен жүк тасымалын ұйымдастыруға – 13, азық-түлік тағамы өндірісіне – 7, қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыруға – 7, құс шаруашылығына – 7, басқа салаларға 41 кредит берілді.

Бұдан басқа, қайтарым қаражаты есебінен сомасы 159,3 млн. теңгенің 75 кредиті берілді. Осы кезеңде 213 адам кәсіпкерлік негізіне оқудан өтті.

Үшінші бағыт бойынша 2012-2014 жылдары жіберілген 129 адам кәсіби оқуын аяқтады. Өткен жылы әлеуметтік қызметкер мамандығы бойынша 21 қатысушы қайта даярлау курсынан өтті. 2015 жылы оқуын аяқтаған қатысушылардан – 139 адам, олардың 127-сі тұрақты жұмысқа орналасты.

Есепті кезеңде 340 адам әлеуметтік жұмысқа, 3001 адам бос жұмыс орындарына орналасты, 352 түлек “Жастар тәжірибесінен” өтті.

Петропавл қаласында 2 жастар жатақханасының құрылысы аяқталды. Бағдарлама бойынша салынған үйлерге 47 адамнан тұратын 21 отбасы көшірілді, оның ішінде 10 отбасы – жатақханаға (16 адам). Бұдан басқа аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында былтыр 27305 адам (123%) жұмыспен қамтамасыз етілді, 12106 жаңа жұмыс орны (112%) құрылды. Өткен жылы 4783 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа жіберілді.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде 2016 жылғы 1 қаңтарда экономикалық белсенді тұрғындар ішінде тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,3%-ды құрады. Жұмыссыздық деңгейі – 4,8% (статистика департаментінің мәліметі бойынша 2015 жылғы 3-тоқсанда – 4,9%).

“2016 жылы оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысына 108 оралман отбасын, оңтүстік өңірлерден 101 қоныс аударушылар отбасын қабылдау квотасы белгіленген.

Аудандық әкімдіктердің мәліметі бойынша еркін сататын 110 үй бар. 187 бос жұмыс орны анықталған: ауыл шаруашылығы саласына – 110, бюджет салысына – 64, басқа салаларға – 13. Қоныс аударатындардың 802 оқушысын мектепке, 270 баласын балабақшаға орналастыруға болады.

2015 жылы қоныс аудару мәселесі бойынша 44 адам облыстың аудандарында болып қайтты, 60 адамға телефон арқылы консультация берілді. Соның нәтижесінде 37 мүшесі бар 18 отбасы облысқа қоныс аударды, олардың 27-сі – еңбекке жарамды жаста, 10-ы – бала. Көшіп келгендерге тұрғын үй берілді, 21 адам бос жұмыс орындарына орналасты.

Мемлекет басшысы Жолдауда тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз топтарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы ерекше атап айтты. 2015 жылы облыста аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға жәрдемақы, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй және әлеуметтік көмек түрінде қолдау көрсетуге 617,4 млн. теңге берілді. Бүгінгі күні облыстағы аз қамтылған азаматтардың саны – 8,2 мың адам.

Бұдан басқа, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына атаулы даталар мен мереке күндері, сол сияқты, өмірде қиын жағдай туған кезде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетіледі. Өткен жылы осындай санаттағы 15,1 мың адам сомасы 395 млн. теңгенің көмегін алды.

Облыста 2015 жылы 1 шілдеде 4 ауданда, атап айтқанда, Жамбыл, Мамлют, Тайынша, Тимирязев аудандарында тұрғындардың аз қамтылған санаттарына қанатқақты режімде белгілі бір талаптармен ақшалай көмек көрсетуге арналған жоба енгізілді. Ол аз қамтылған тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеруді, кедейлікте өмір сүретін отбасыларды масылдықтан арылтып, нақты кірістерін көбейтуді мақсат етеді. Жоба іске асырыла бастағаннан бері қанатқақты аудандардың аз қамтылған отбасыларымен белсенділікті арттыруға арналған 46 әлеуметтік келісімшарт жасалды, соның нәтижесінде еңбекке қабілетті 57 адамның 11-і тұрақты жұмысқа орналасты, 31-і қоғамдық жұмысқа жіберілді, 10-ы “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасының қатысушысы атанды.

Тұрғындардың қорғалмаған топтары арасында мүгедектер ерекше орын алады. Облыста сондай 29 мың адам бар. Олардың әрқайсысы әлеуметтік көмекті қажет етеді.

Мүгедектерді оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылы облыстық бюджеттен 162,3 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес мүгедектер 240 мүгедектер арбасымен, 416 дана сурдотехникамен, оның ішінде 200 сандық есту аспабымен, 261 дана тифлотехникамен қамтамасыз етілді.

Облыста бірінші рет 11 мүгедек баланың сөйлеу процессорларын кохлеарлы импланттарға (Cochlear и Medel сөйлеу процессорлары) ауыстыру жүзеге асырылды.

2015 жылы 866 мүгедек Ақмола облысындағы “Сосновый бор” және Петропавл қаласындағы “Солнечный” санаторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге жолдамалармен қамтамасыз етілді, 778 адамға протездік-ортопедиялық көмек көрсетілді.

Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен мүгедектер міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілермен және ымдау тілі мамандарымен қамтамасыз етіледі. Осы мақсатқа 2015 жылы 266,2 млн. теңге бөлінді, оның 160,1 млн. теңгесі – аудандық, 106,1 млн. теңгесі – жергілікті бюджеттен.

1699 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 480 адам әлеуметтік қызметпен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруы қиын І топтағы 297 мүгедек – жеке көмекшілер қызметімен, естуі бойынша 183 мүгедек ымдау тілі мамандарымен қамтамасыз етілді.

Тұтастай алғанда, қабылданған шаралар солтүстікқазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды орындау бойынша Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді нәтижелі орындауға және тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді.

Асқар САҚЫПКЕРЕЕВ,

облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

 басқармасының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp