Солтүстікқазақстандық “Тұлпар” ат спорты клубының өкілі Әлия Бекен Атырау облысында өткен “Дарабоз – 2019″ республикалық сайысында сәтті өнер көрсетті.
Бірнеше күнге созылған сайыс барысында жамбы атудан сынға түскен спортшылар арасында Жамбыл облысының өкілі Бабажан Бакдаулет жеңімпаз атанды. Ақтөбелік Амангелді Өмірзақов екінші болса, Қызылжар өңірінің намысын қорғаған Әлия үздік үштікті түйіндеді.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 32 млн. теңгені құрады.