Біздің Нұрекең – Нұрсайын Шәріп – белгілі журналистердің бірі. Осынау мазасыз мамандықтың қыр-сырын терең меңгеріп, жүгін көтеріп жүрген оның қаламы қарымды, жазған материалдары көпшілік оқырмандарға танымды екені белгілі.
Нұрсайын халықаралық “Қазақстан-Заман” газетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі ретінде де өндірте қызмет етіп келеді. Өңіріміздің тыныс-тіршілігіне қатысты мәселелерді дер кезінде осы басылымда шебер көрсетіп келеді.
Нұрекеңнің осы еңбегі еленіп, ол салалық министрлік тарапынан “Ақпарат саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталып отыр.
Біз Нұрсайын Әбуұлын осынау қуанышымен құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз!
Қошан ҚАЛИ,
“Солтүстік Қазақстан”.