«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘРІ АСПАЗ, ӘРІ НАУБАЙШЫ

Нан – ас атасы. Оны дастарқанға жеткізген кез келген жанның еңбегі құрметке лайық.

Шал ақын ауданындағы Повозочное ауылының тұрғыны Жұпар Жамұқова – “Агро-Север” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің беделді еңбеккерлерінің бірі. 20 жыл еңбек өтілі бар ол шаруашылықтың асханасында еңбек етеді. Асхана жанында іске қосылған наубайханада оның пісірген нандары таңдай қақтырады. Ауылды нанмен қамтамасыз етіп отырған шаруашылық күніне 300 бөлке сатады. Бағасы да арзан.

– Көп тұтынушыға нан пісіру оңай емес. Нан пештен алынып, суытылып, әбден дайын болған кезде ғана оның дәмін татып, көңілің орнығады. Әйтпесе, пісірген наның шикі немесе дәмсіз болып жатса, реніш өз алдына, шаруашылықтың абыройы мен шикізатқа да шығын келеді емес пе? – дейді Жұпар Жамұқова.

Талғат ТӘНІБАЕВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген автор.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp