«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘСЕРЛІ ӘН КЕШІ

Облыстық филармонияның Сегіз сері атындағы халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, мәдениет қайраткері Қайырлы Ғафуровтың “Жаса, Қазақстан” атты онлайн концерті өтті.

Облыстық филармонияның әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфирде көрсетілген концерт Абай Құнанбаевтың “Көзімнің қарасы” әнімен бастау алды. Кейін “Ардагерлерге арнау” атты әнді нақышына келтіре орындады. Бұл майдангерлердің құрметіне шығарылған Қайырлы Ғафуровтың төл туындысы. Концерт барысында Сегіз серінің “Гауһар тас”, Нұрғиса Тілендиевтің “Сағындым ғой”, сондай-ақ, өзге де композиторлардың “Тарбағатай әуендері”, “Достарым”, “Ауылым”, “Қызылжарым” сынды әсем әндерін әуелете шырқаған өнерпаз көрермендер үшін өлең де оқыды.
– Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты өнер, мәдениет саласының қызметкерлері де қашықтан жұмыс істеуге көшті. Қазіргі таңда өнерпаздар әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы көрермендермен қауышып, сұхбат беріп, концерт ұйымдастыруда. Осы көшті мен де жалғастырып, өнеріммен бөлісуді құп көрдім, – деген Қайырлы Ғафуров Сегіз сері атындағы халық аспаптары оркестрінің шығармашылық жоспарларымен бөлісіп, карантин басталған уақыттан бері облыстық филармонияның әртістері, соның ішінде аталмыш оркестрдің өнерпаздары күн сайын концерттер мен шеберлік сыныптарын өткізіп жатқанын жеткізді.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp