«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘСКЕРИ ИНСТИТУТТЫҢ ҰСТАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Петропавлда Мұғалімдер күні қарсаңында ҚР Ұлттық ұланы әскери институтының бір топ ұстазы марапатқа ие болды.

Ұстаздар мәртебесін арттыру мақсатында әскери институтта үздік оқытушыны анықтау мақсатында конкурс өтті. Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір жоғары оқу орнында жүзден астам ұстаз еңбек етеді. Мереке қарсаңында үздіктер 15 аталым бойынша марапатталды. «Жылдың үздік оқытушысы» аталымында жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушысы Бақыт Қалиев үздік атанды. Мерекелік іс-шара барысында сондай-ақ «Үздік лингвист», «Жылдың үздік курсанты», «Үздік кафедра», «Үздік оқу батальоны» сияқты аталымдар бойынша жеңімпаздар марапатталды. Петропавлдағы әскери институт құрылғалы бері 19 рет түлек «ұшырып», 3500 әскери маман даярлап шығарды. 2009 жылдан бері келісім бойынша Қырғызстан және Тәжікстан Республикаларына да офицер даярлап келеді.

www.inform.kz 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp