«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әуежайда коронавирус жұқтырғандарды иттер анықтап жатыр

Хельсинки әуежайына келген жолаушылар арасынан коронавирус жұқтырғандар қызметтік иттердің көмегімен анықталып жатыр. Әзірге сынаққа 16 жануар қатысуда. Бұл туралы «Reuters» ақпарат агенттігі хабарлады.

Сынақ барысында жолаушылар майлықпен терісін сүртіп, мамандарға тапсырады. Ал арнайы ыдысқа салынған биоматериалды иттер иіскеп, COVID-19 жұқтырғандарды анықтайды. Егер оң нәтиже көрсетсе, үріп мамандарға белгі береді. Осыдан соң иттер нұсқаған жолаушылар қосымша ПТР-тестілеуден өтеді.
Мамандардың айтуынша, коронавирус жұқтырғандарды қызметтік иттермен тексеру жылдам әрі арзанға түседі. Атап айтсақ, иісшіл жануарлар инфекция жұқтырған науқастарды тест нәтижесінен 5 күн бұрын анықтауға көмектеседі екен. 
Жалпы, COVID-19 жұқтырғандарды иттердің көмегімен тексеру әуежай үшін 300 мың еуроға шығады. Бұл ПТР-тестілеуден едәуір арзан.


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp